- Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері

Презентация "Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері" – проект, доклад

Слайд 1
Слайд 2
Слайд 3
Слайд 4
Слайд 5
Слайд 6
Слайд 7
Слайд 8
Слайд 9
Слайд 10
Слайд 11
Слайд 12
Слайд 13

Презентацию на тему "Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері" можно скачать абсолютно бесплатно на нашем сайте. Предмет проекта: Разные. Красочные слайды и иллюстрации помогут вам заинтересовать своих одноклассников или аудиторию. Для просмотра содержимого воспользуйтесь плеером, или если вы хотите скачать доклад - нажмите на соответствующий текст под плеером. Презентация содержит 13 слайд(ов).

Слайды презентации

Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері. Тіл біліміндегі психологизм бағыты ХІХ ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. Оны қалыптастырушылардың қатарына Берлин университетінің профессоры Гейман Штейнтальды жатқызуға болады. Г.Штейнтальдың көзқарасын А.А.Потебня, не
Слайд 1

Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері

Тіл біліміндегі психологизм бағыты ХІХ ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. Оны қалыптастырушылардың қатарына Берлин университетінің профессоры Гейман Штейнтальды жатқызуға болады. Г.Штейнтальдың көзқарасын А.А.Потебня, неміс ғалымдары В.Вундт, Г.Пауль т.б. қолдады. Г.Штейнтальдың тіл мәселелерін психологияның заң ережелеріне негіздеп шешетін концепциялары «Грамматика, логика, психология және бұлардың принциптері мен өзара қарым-қатынастары» (1855), «Психология мен тіл біліміне кіріспе» (1881), «Тілдің шығуы» (1851) деген еңбектерінде баяндалған.

Психологиялық көзқарасты жақтаушылар ХІХ ғасырдың көрнекті психологі Герберт ілімін басшылыққа алады. Лингвистикалық психологизм өкілдері тілдік құбылыстарды жеке адамдардың психикалық ерекшеліктеріне, олардың ой-санасындағы өзгерістерге тәуелді етеді. Олардың айтуынша, тілдегі заңдылық, ондағы өзге
Слайд 2

Психологиялық көзқарасты жақтаушылар ХІХ ғасырдың көрнекті психологі Герберт ілімін басшылыққа алады. Лингвистикалық психологизм өкілдері тілдік құбылыстарды жеке адамдардың психикалық ерекшеліктеріне, олардың ой-санасындағы өзгерістерге тәуелді етеді. Олардың айтуынша, тілдегі заңдылық, ондағы өзгерістер қоғам мүшелеріне, қоғамның дамуына байланысты емес, қоғамнан бөлініп алынған жеке адамға, солардың психикасына, тіліне, ойлау дәрежесіне байланысты, соған тәуелді. Жалпы алғанда, жалық тілі, қоғам тілі деген – жалған сөз. Тіл жеке индивидуумдікі. Сондықтан тіл білімінің міндеті – индивидуумның тілін зерттеу. Жеке индивидтердің тілін, психикалық құбылысын зерттеу арқылы тұтас халықтың, ұлттың рухани өмірінің заңдылығын ашуға болады. Психологиялық көзқарастардың бұл түрі тілдің қоғамдық мәнін жоққа шығаратын «индивидуалистік психологизм» деп аталады.

Психологиялық бағытты ұстанушылар арасында жеке мәселелерге байланысты көптеген қайшы пікірлер бар. Олардың бір тобы индивидуалистік психологизмді басшылыққа алса, екінші бір тобы әлеуметтік психологизмді басшылыққа алады. Әлеуметтік психологизм өкілдері индивидуалистердің «ақиқат бар нәрсе – тек ин
Слайд 3

Психологиялық бағытты ұстанушылар арасында жеке мәселелерге байланысты көптеген қайшы пікірлер бар. Олардың бір тобы индивидуалистік психологизмді басшылыққа алса, екінші бір тобы әлеуметтік психологизмді басшылыққа алады. Әлеуметтік психологизм өкілдері индивидуалистердің «ақиқат бар нәрсе – тек индивуумдар тілі ғана» дейтін қағидаларына қарсы: тіл әлеуметтік, оны туғызушы да, қолданушы да жалпы халық, қоғам дегенді айтады. Әлеуметтік социологизм бағытын негіздеушілердің бірі И.А.Бодуэн де Куртенэ «Адамзат тілінің мәні тек қана психикалығында. Тілдің өмір сүруі, дамуы таза психикалық заңдармен шарттас» дей келіп: «Тіл тек адам қоғамында ғана бола алатындықтан, біз онда психикалық жақтың барлығымен қатар әлеуметтік сипаттың барлығын да әрқашан естен шығармауымыз керек. Тіл біліміне тек индивидуалдық психология ғана емес, сонымен қатар социология да негіз болады», – деп жазады.

Психологиялық көзқарас кейінгі жылдарда пайда болған лингвистикалық мектептер тұжырымдамаларынан да орын алып отырды. Солардың бірі – жас грамматистер мектебі. Жас грамматистер тілді жеке адамдардың психофизикалық әрекеттерінің жемісі деп санайды. Бұл – олардың бүкіл концепцияларының негізі. Олар ті
Слайд 4

Психологиялық көзқарас кейінгі жылдарда пайда болған лингвистикалық мектептер тұжырымдамаларынан да орын алып отырды. Солардың бірі – жас грамматистер мектебі. Жас грамматистер тілді жеке адамдардың психофизикалық әрекеттерінің жемісі деп санайды. Бұл – олардың бүкіл концепцияларының негізі. Олар тілдегі өзгеріс-құбылыс атаулының барлығы да индивидуумның психофизикалық құбылыстарына, яғни сөйлеу әрекеттеріне байланысты дейді. Ф. де Соссюр концепциясында «тіл мен сөйлеуді бөлу арқылы, – деп жазады де Соссюр, – біз әлеуметтікті индивидуалдықтан бөліп аламыз. Сөйлеуде ұжымдық ештеме жоқ, ол түгелімен индивидуалдық».

Психологиялық бағыттың үлкен бір тармағы Америка лингвистикасынан орын алып отыр. 1953 жылы АҚШ-тың Блумингтон қаласында бір топ лингвистер мен психологтардың, этнографтардың семинары болды. Екі айға жуық созылған осы семинардың қорытындысы 1954 жылы жеке кітап болып жарияланды. Кітапта психолингвис
Слайд 5

Психологиялық бағыттың үлкен бір тармағы Америка лингвистикасынан орын алып отыр. 1953 жылы АҚШ-тың Блумингтон қаласында бір топ лингвистер мен психологтардың, этнографтардың семинары болды. Екі айға жуық созылған осы семинардың қорытындысы 1954 жылы жеке кітап болып жарияланды. Кітапта психолингвистиканың негізі – сөйлеу әрекеті және оның коммуникативтік сипаты делінген. Америка психолингвистерінің ғылыми тұжырымдамалары бойынша тіл білімінің негізгі міндеті – тілдік ақпаратты кодқа түсіру, сөйлеу, сөйлесу әрекеттерінің қалай жүзеге асатындығын, сөйлеу әрекетінің сөйлеушілер психикасымен қатынасын; қабылдау, түсіну процестерін зерттеумен шұғылдану дегенді айтады.

Осы бағытта жүргізілген теориялық, экспериментальды зерттеулер негізінде жинақталған, шет тілдерді меңгеру, онтогенездегі адамның сөйлеу алу қабілетінің қалыптасуы, адамзат қоғамында сөйлеу коммуникациясын жүзеге асырудың ерекшеліктері сияқты гносеологиялық, фактологиялық материалдар негізінде талда
Слайд 6

Осы бағытта жүргізілген теориялық, экспериментальды зерттеулер негізінде жинақталған, шет тілдерді меңгеру, онтогенездегі адамның сөйлеу алу қабілетінің қалыптасуы, адамзат қоғамында сөйлеу коммуникациясын жүзеге асырудың ерекшеліктері сияқты гносеологиялық, фактологиялық материалдар негізінде талданады. Осылайша, психолингвистика – адамның сөйлеу әрекетін, сөйлеу коммуникациясы мен индивидуалды сөйлеу, сөйлесу, ойлау әрекеттерін психологиялық және лингвистикалық аспект тұрғысынан зерттейтін ғылым саласы ретінде ХІХ ғасырдың 50-жылдары лингвистика мен психология ғылымдарының тоғысуы нәтижесінде пайда болған.

Кеңестік психолингвистикалық мектептердің негізін қалаушы А.А.Леонтьев жаңа ғылым саласының пайда болуын адамзат қоғамының дамуымен, оның ішінде, адамның интеллектуалды әрекеттерінің психикалық табиғатын зерттеудегі ғылыми танымның даму қажеттіліктерімен байланыстырады. Өйткені адамның санасы, ойы,
Слайд 7

Кеңестік психолингвистикалық мектептердің негізін қалаушы А.А.Леонтьев жаңа ғылым саласының пайда болуын адамзат қоғамының дамуымен, оның ішінде, адамның интеллектуалды әрекеттерінің психикалық табиғатын зерттеудегі ғылыми танымның даму қажеттіліктерімен байланыстырады. Өйткені адамның санасы, ойы, қиялы, сезімі т.б. психикалық қасиеттері сөйлеу әрекеті үстінде көрінеді. Мәселен, ойлау психологиялық тұрғыдан әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің адам санасында жалпы және жанама бейнеленуі болса; сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың субьективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс қиял болып табылады. Бұл бейнеленулер адам ойының талдану және біріктіру әрекеттері арқылы айқындалады.

Кеңес тіл білімінде психолингвистика (первоначально теория речевой деятельности) ориентитруется на психологические и неврологические теории Л. С.Выготского, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьева, Н.И.Жинкина и на лингвистическое идеи Л.В.Щербы, Л.П.Якубинского, М.М.Бахтина, С.Д.Кацнельсона, Л.Р. Зиндера. Отечест
Слайд 8

Кеңес тіл білімінде психолингвистика (первоначально теория речевой деятельности) ориентитруется на психологические и неврологические теории Л. С.Выготского, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьева, Н.И.Жинкина и на лингвистическое идеи Л.В.Щербы, Л.П.Якубинского, М.М.Бахтина, С.Д.Кацнельсона, Л.Р. Зиндера. Отечественные психолинвистические школы имеются в Москве (А.А. Леонтьев, Т.В. Ахутина-Рябова, И.А. Зимняя, Р.М. Фрумкина, А.М. Шахнарович, Е.Ф. Тарасов, Т.М. Дридзе, А.И. Новиков), в Петербурге (Л.Р. Зиндер, В.Б. Касевич, Л.В. Сахарный, Т.И. Зубкова, А.С. Штерн), в Саратове (И.Н. Горелов), в Твери (А.А. Залевская и её ученики), в Перми (Л.Н. Мурзин и его ученики).

А.Залевскаяның: «Ресейлік психолингвистиканың негізі «сөйлесім әрекетінің теориясы» екені ешкімге дау туғызбайды», – деген пікіріне сүйенсек, сөйлеу әрекеті, осы әрекетті жүзеге асырушы тілдік таңбалар қызметі лингвистика мен психологияның логикалық бірлігін танытатын тілдік құбылыс ретінде психолин
Слайд 9

А.Залевскаяның: «Ресейлік психолингвистиканың негізі «сөйлесім әрекетінің теориясы» екені ешкімге дау туғызбайды», – деген пікіріне сүйенсек, сөйлеу әрекеті, осы әрекетті жүзеге асырушы тілдік таңбалар қызметі лингвистика мен психологияның логикалық бірлігін танытатын тілдік құбылыс ретінде психолингвистиканың зерттеу пәні болып табылады. Олай болса, адамзат баласына тән интеллектуалды іс-әрекеттердің ең жоғары функцияларының бірі – сөйлеу әрекеті, сол сөйлеу әрекетінің психологиялық мазмұны, құрылымы, оларды жүзеге асырудың әдіс­тәсілдері мен формаларын қарастыру психолингвистиканың маңызды зерттеу пәндерінің бірінен саналады. Психолингвистиканың келесі зерттеу пәні – индивидуалды сөйлеудегі ойлау әрекетін іске асырушы құрылым мен мазмұн ретінде тілдік жүйе, сөйлеу коммуникациясы процесіндегі тілдік таңбалардың қызметі қарастырылса, осы сөйлеу әрекетін жүзеге асырушы тәсіл ретінде адам баласының сөйлеу қабілеті қарастырылады. Өйткені, сөйлеу ̶ айтылатын сөз, ой-пікірлерді туғызушы және қабылдаушы процесс.

Кеңес және шетел тіл ғылымында психолингвистиканың көпшілік мақұлдаған белгілі бір нақты тұжырымға негізделген анықтамасы жоқ. Бұған психолингвистиканың кешенді синтетикалық ғылым болуы, әрі әлі де болса қалыптасу үстіндегі ғылыми ілімдердің бірінен саналатындығы дәлел болса керек. Көптеген ресейлік
Слайд 10

Кеңес және шетел тіл ғылымында психолингвистиканың көпшілік мақұлдаған белгілі бір нақты тұжырымға негізделген анықтамасы жоқ. Бұған психолингвистиканың кешенді синтетикалық ғылым болуы, әрі әлі де болса қалыптасу үстіндегі ғылыми ілімдердің бірінен саналатындығы дәлел болса керек. Көптеген ресейлік ғалымдар қазіргі таңда жалпы мазмұнға ие А.А.Леонтьевтің анықтамасын ұстанғанды жақсы көреді: «Психолингвистика пәні ̶ сөйлеу әрекетінің қызметі мен құрылымын адам әлемінің бейнесін түзуші тілдік жүйемен өзара қатынаста қарастырады». Психолингвистиканың зерттеу нысаны ̶ белгілі бір тілді қолданушы ұжымдық сана, сөйлеу әрекетінің субьектісі танылатын адамзат баласының тілдік санасы, сөйлеу коммуникациясы, сөйлеуді қалыптастыру процестерін және онтогенездік сипатта тілді меңгеру сияқты мәселелерді кеңінен қарастыруды меже етеді.

Активная разработка психолингвистических проблем ведётся в Германии, Франции, Польше, США и многих других странах. Қазақстандағы психолингвистика салыстырмалы түрде қазақ тілтанымында енді ғана қалыптасып келе жатқан жас ғылым саласы болып табылады. Қазақ психолингвистикасы саласында Э.Сүлейменова,
Слайд 11

Активная разработка психолингвистических проблем ведётся в Германии, Франции, Польше, США и многих других странах. Қазақстандағы психолингвистика салыстырмалы түрде қазақ тілтанымында енді ғана қалыптасып келе жатқан жас ғылым саласы болып табылады. Қазақ психолингвистикасы саласында Э.Сүлейменова, Т.Аяпова, Н.Шаймерденова, Л.Екшембеева, Г.Мәдиева, Ә.Шаяхметова, Х.Ордабековалардың жүргізген тілдік зерттеулердің қоры біршама жинақталған деуге болады [1]. Қазіргі қазақ тіл білімінде психолингвистика саласы төмендегідей бағытта өз зерттеулерін жүргізуде: Қазақ психолингвистикасының негізгі бағыттары Тілші-ғалымдар Тілді екінші тіл ретінде меңгертудің психолингвистикалық сипаты Л.Екшембеева, И.Жоламанова, Г.Утебалиева Билингвизм жағдайында балалар тілінің даму ерекшеліктері (социопсихолингвистикалық аспект) А.Шаяхметова, И.Винницкая Тілдік сананың ұлттық-мәдени ерекшеліктері (этнопсихолингвистикалық аспект) Г.Мәдиева, Б.Ахатова, А.Ерімбетова, Ш.Жарқынбекова, Ұ.Мұсабекова, Х.Ордабекова Сөйлеу патологиясы (нейролингвистикалық аспект) М.Ақберді, Б.Уатаева

Психолингвистика ғылымының зерттеу нысаны: - сөйлеу әрекетінің субьектісі танылатын адамзат баласының тілдік санасы, ұжымдық сана; - сөйлеу коммуникациясы, сөйлеудің туындауы және оны жүзеге асыру процесі; - шет тілін оқыту және оны меңгеру процесі.
Слайд 12

Психолингвистика ғылымының зерттеу нысаны:

- сөйлеу әрекетінің субьектісі танылатын адамзат баласының тілдік санасы, ұжымдық сана; - сөйлеу коммуникациясы, сөйлеудің туындауы және оны жүзеге асыру процесі; - шет тілін оқыту және оны меңгеру процесі.

Әдебиеттер. 1 Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. – Алматы, 1975. 2 Звегинцев В. Проблемы языка как предмет языкознания. ̶ Москва, 1964. 3 Ф. де Соссюр. Курс общей лингвистики. 1933. 4 Леонтьев А.А. Психолингистика. ̶ Москва, 1996.
Слайд 13

Әдебиеттер

1 Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. – Алматы, 1975. 2 Звегинцев В. Проблемы языка как предмет языкознания. ̶ Москва, 1964. 3 Ф. де Соссюр. Курс общей лингвистики. 1933. 4 Леонтьев А.А. Психолингистика. ̶ Москва, 1996.

Список похожих презентаций

1 ЛЕКЦИЯ.  ТАҚЫРЫПТАР: Басқару ғылымының пәні мен әдісі. Менеджменттің мәні мен қағидалары.

1 ЛЕКЦИЯ. ТАҚЫРЫПТАР: Басқару ғылымының пәні мен әдісі. Менеджменттің мәні мен қағидалары.

Жоспары:. 1. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері 2.Теория мен практика бірлігі, менеджментті зерттеудегі тарихи және логикалық тәсілдер ...
Әлемдік экономикадағы инвестициялар мен инвестициялық әріптестік.

Әлемдік экономикадағы инвестициялар мен инвестициялық әріптестік.

Жоспар:. 1.Инвестиция түсінігі және олардың экономикадағы ролі. 2.Инвестициялық әріптестік және оның нысандары. 1.Инвестиция түсінігі және олардың ...

Советы как сделать хороший доклад презентации или проекта

  1. Постарайтесь вовлечь аудиторию в рассказ, настройте взаимодействие с аудиторией с помощью наводящих вопросов, игровой части, не бойтесь пошутить и искренне улыбнуться (где это уместно).
  2. Старайтесь объяснять слайд своими словами, добавлять дополнительные интересные факты, не нужно просто читать информацию со слайдов, ее аудитория может прочитать и сама.
  3. Не нужно перегружать слайды Вашего проекта текстовыми блоками, больше иллюстраций и минимум текста позволят лучше донести информацию и привлечь внимание. На слайде должна быть только ключевая информация, остальное лучше рассказать слушателям устно.
  4. Текст должен быть хорошо читаемым, иначе аудитория не сможет увидеть подаваемую информацию, будет сильно отвлекаться от рассказа, пытаясь хоть что-то разобрать, или вовсе утратит весь интерес. Для этого нужно правильно подобрать шрифт, учитывая, где и как будет происходить трансляция презентации, а также правильно подобрать сочетание фона и текста.
  5. Важно провести репетицию Вашего доклада, продумать, как Вы поздороваетесь с аудиторией, что скажете первым, как закончите презентацию. Все приходит с опытом.
  6. Правильно подберите наряд, т.к. одежда докладчика также играет большую роль в восприятии его выступления.
  7. Старайтесь говорить уверенно, плавно и связно.
  8. Старайтесь получить удовольствие от выступления, тогда Вы сможете быть более непринужденным и будете меньше волноваться.

Информация о презентации

Ваша оценка: Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
Дата добавления:19 июня 2019
Категория:Разные
Содержит:13 слайд(ов)
Поделись с друзьями:
Скачать презентацию
Смотреть советы по подготовке презентации