» » » Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар

Презентация на тему Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар

tapinapura

Презентацию на тему Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар можно скачать абсолютно бесплатно на нашем сайте. Предмет презентации : Разные. Красочные слайды и илюстрации помогут вам заинтересовать своих одноклассников или аудиторию. Для просмотра содержимого презентации воспользуйтесь плеером, или если вы хотите скачать презентацию - нажмите на соответствующий текст под плеером. Презентация содержит 11 слайдов.

скачать презентацию

Слайды презентации

Слайд 1: Презентация Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
Слайд 1

Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар

Орындаған: Сакен Сыдыков, Кабылдина Манзура

Слайд 2: Презентация Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
Слайд 2

Экономикалық заң

Барлық экономикалық құбылыстар мен процестер экономикалық заңдардың әсері арқылы дамып отырады. Экономикалық заң дегеніміз қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары. Олар өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары. Қоғамның даму заңдарының — экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының, ортақ белгілері және сонымен қатар айырмашылықтары болады. Бұларға ортақ белгілер, ол экономикалық заңдар, табиғат заңдары сияқты, объективтік заңдар, яғни,олар адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді. Ал айырмашылықтарына келейік. Экономикалық заңдар адамдардын іс-әрекет, қызметін билейтін заңдар. Олар адамдардың еңбек-қызметтерінің процесінде туып, осы процесс арқылы жүзеге асырылады. Ал табиғат заңдары (мысалы, әлемдік тартылыс заңы) адамдар қоғамынан тыс жағдайда да әрекет етеді. Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшілігі), олар мәңгілік, ұзак мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық хал-ахуалдық процестердің өзгерісімен тікелей байланысты болады.

Слайд 3: Презентация Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
Слайд 3

Экономикалық категориялар

Экономикалық категориялар — қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б. Экономикалық заңдардың жиынтығы, қоғамның даму заңдылықтарын белгілейтін экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Бұл жүйені құратын заңдарды негізгі, басты, басты емес деп бөлуді дұрыс деуге қиын. Қоғам өмірін талдауда, жүйелік әдіс қолдану керек жағдайда, барлық заңдар маңызды, өзара байланысты болады. Тек бір ғана заңды пайдалануда болған қателікті барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдағы тепе-тендікті жояды. Экономикалық ғылым, жалпы жүйедегі экономикалық заңдарды ерекше және жалпы экономикалық заңдар деп, ірі топта бөледі.

Слайд 4: Презентация Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
Слайд 4

Топтар:

Ерекше экономикалық заңдар — бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары. Жалпы экономикалық заңдар — бұл барлық тарихи дәуірле тән заңдар, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесіп процесс етіп байланыстырады. Бұған қоғамдық еңбек бөлу заңы, т.б. заңдар жатады. Экономикалық заңдар өздері, өз алдына әрекет ете алмаған экономикалық прогресс өзімен-өзі, өз алдына жүріп отырмақ Бұл үшін адамдардың, олардың қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет. Қажеттіктер — бұл қанағаттандыруды тілейтін, өмір сүру және организмді дамытуды қамтамасыз ететін, адамның жеке басын дамыту үшін қолданылатын объективтік керектік болып табылады. Адамның қажеттіліктері көп түрлі болады. Американдық ғалым А.Маслоу бойынша, "төменгі сатыдағы" материалдық қажеттіктерді бастап, "жоғарғы сатыдағы" рухани қажеттіктер былай орнатылады: физиологиялық қажеттіктер (тамаққа, ішімдікке, т.б.); қауіпсіздік қажеттіктері (аурудан, жанжалдан, қорқыныштан, т.б.); әлеуметтік байланыстарға деген қажеттіктер (сүйіспеншілік, кейбір топтардың мүшесі болуға, т.б.); өзін-өзі сыйлап қадірлеуге (мақсатқа жетуге, өзін танытуға т.б.) қажеттіктер; өзін-өзі мадақтауға (қабілеттерін жүзеге асыру жағдайында түсінуге, т.б.) қажеттіктер.

Слайд 5: Презентация Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
Слайд 5

Қажеттіктердің бұл классификациясын олардың басқаша классификациясымен толықтыруға болады: материалдық пен рухани қажеттіктер, рационалдық пен иррационалдық, абсолюттік пен ақиқат, нақты, жете түсінілген мен жете түсінілмеген, қате түсінілген т.б. қажеттіктер. Жеке түсінілген қажеттіктер еңбекке деген ынта- жігер тудырады. Бұл жағдайда кажеттіктер өзінің нақты формасына, мүдделер формасына ие болады. Экономикалық мүдделер — бұл экономикалық қажеттіктердің біліну-көрініс формасы. Экономикалық мүдделерді әр тұрғыдан классификациялауға болады: қоғамдық, ұжымдық, жеке мүдделік, ұлттық, интернационалдық (ұлтаралық), регионалдық және ведомстволық, топтық және отбасылық, таптық; әр түрлі әлеуметтік топтардың (жұмыс істейтіндердің, жастардың, зейнеткерлердің, т.б.) мүдделері. Мүдделердің ерекше топтары — күнделікті және перспективті, рационалдық және рационалдық емес, шын немесе қате түсінілген, қаржылық, еңбектік, адамгершілік-өнегелік, т.б. мүдделер.

Слайд 6: Презентация Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
Слайд 6
Слайд 7: Презентация Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
Слайд 7
Слайд 8: Презентация Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
Слайд 8

Экономикалық теорияның зерттеу әдістері

Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымғға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз – ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім. Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді қолданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны ғылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудың себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау. Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде қызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сақтау проблемасының маңызы зор. Мұның өзі жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауға қажет. Шаруашылық үрдістерді зерттеген кезде, экономикалық теория жалпы ғылыми әдістерді қолдану қатарына кіреді, яғни бұл әдістерді, басқа қоғамдық және қазіргі заман ғылымдары да қолданады.Осындай жалпы ғылыми әдістердің ішінен экономика саласына арналған әдістері мыналар

Слайд 9: Презентация Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
Слайд 9

бақылау модельдеу ғылыми абстракция анализ және синтез Индукция және дедукция

Слайд 10: Презентация Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
Слайд 10

Экономикалық теория

Адамдар мен әртүрлі әлеуметтік топтар арасында игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестері барысында қалыптасатын экономикалық қатынастар. Нобель сыйлығының лауреаты П. Самуэльсон экономикалық теория пәнін өзінің «Экономика» атты еңбегінде тұтыну және өндіруді жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбаспен, ақшалай келісім-шартпен байланысты қызмет түрлері деп түсіндірген. П. Самуэльсон көптеген мысалдар келтіріп, экономикалық теория пәні тек осы және ол өзгермейді, ол нақты деп айту қиын деген. Ол экономикалық теорияның бірнеше анықтамаларын берді.Олар: 1) адамдар арасында ақшалай келісім-шарттар мен айырбасқа байланысты қызмет түрін зерттейтін ғылым; 2) әртүрлі тауарды өндіру үшін және оларды қоғам мүшелері арасында бөлу үшін қажетті шектеулі ресурстарды пайдалану туралы ғылым; 3) адамның күнделікті өмірде тұтыну мен өндіріс саласындағы міндеттерін жүзеге асыруды қарастыратын ғылым; 4) байлық туралы ғылым.

Слайд 11: Презентация Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
Слайд 11

Экономиялық саясат

Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап экономикалық саясатты жүргізіп келеді, оның негізгі басымдықтары мыналар болып табылады: макроэкономикалық тұрақтылықты, әлеуметтік қолайлылық пен ел экономикасын жаңғыртуды қамтамасыз ету. Ел экономикасын дамытудың заманауи үрдістері оң құрылымдық және институционалдық өзгерістермен сипатталады. 2008-2010 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысы Қазақстандағы экономиканың өсу қарқынын баяулатты, алайда қабылданған дағдарысқа қарсы шешімдердің нәтижесінде елде макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылық сақталуда. "Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы экономиканың өсу қарқынына ықпал етті, бірақ біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ. Жинақталған экономикалық әлеует соңғы үш жылдың аса қиын дағдарыстық шайқасында бізге тұрлаулылықты қамтамасыз етті". "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" Мемлекет басшысының 2010 жылғы халыққа Жолдауы Өзгеріп отырған әлемде экономикалық саясатты жүргізу кезінде оза қимылдайтын, стандартты емес және жедел шаралар қабылдау қажет. Бұл үшін елдің ішіндегі сияқты әлемдегі ағымдағы экономикалық жағдайға тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізу керек. Орталық экономикалық саясаттың түрлі аспектілері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу бойынша өз қызметтерін ұсынады, олардың арасында мыналар бар: экономикалық өсу факторларын талдау және салалар мен өңірлердің макроэкономикалық болжамдары, талдау және даму үрдістері, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті проблемаларын зерттеу, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты талдау, елдің бәсекеге қабілеттілігін көтеру бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Список похожих презентаций

  • Яндекс.Метрика
  • Рейтинг@Mail.ru